Главные новости Рузаевки
Рузаевка
Февраль
2025
1
2
3 4
5
6 7
8
9
10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22
23
24
25
26
27
28

Мүсірепов, Айыртау, Шал ақын және Тимирязев аудандарының тасқынға дайындығы пысықталды

0

Облыста тасқынға дайындық бойынша аймақтық кеңестер жалғасуда. Бұл жолы СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен жиналыс Новоишимское ауылында өтіп, оған Мүсірепов, Айыртау, Тимирязев және Шал ақын аудандарының әкімдері мен жауапты органдардың басшылары қатысты.

Аталған аудандарда өткен жылғы су тасқыны ескеріліп, дайындық жұмыстары жүргізілді. Шал ақын ауданында Ұзынжар және Қаратал ауылдарында қорғаныс бөгеттері нығайтылып, Сергеевкадағы кәріздік сорғы станциясының айналасындағы бөгет 5 метрге дейін көтерілді.

Тимирязев ауданында Степное және Дзержинское ауылдарында қорғаныс бөгеттері күшейтілді. Айыртау ауданында бұл жұмыстар Елецкое, Янко және Айыртау ауылдарында атқарылды. Мүсірепов ауданында Шарық өзенінің бойындағы Рузаевка ауылында айналма каналдың жағалауы бекітілді.

Сонымен қатар, бұл аудандарда еріген қар суының кедергісіз ағуын қамтамасыз ету үшін 36 су өткізу құбыры орнатылды. Есіл өзені мен шағын өзендерде жару жұмыстары жоспарланған. Жалпы, қала мен 8 ауданда мұз кептелісінің алдын алу үшін 49 учаскеде жарылыс жұмыстары жүргізілмек, бөлінген сома  өткен жылмен салыстырғанда 5 есе көп.

«Тасқын кезеңінің басталуына бір ай уақыт қана қалды, барлық қызметтерге толық дайындықты қамтамасыз етуді тапсырдым»,  — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Мүсірепов ауданына сапар барысында облыс әкімі инвестжобалардың жүзеге асуымен танысты. Новоишимское ауылында 3,2 млрд теңгеге жарма мен үлпек өндіретін зауыт салынуда, оның іске қосылуымен 24 жаңа жұмыс орны ашылады. Бұдан бөлек, ауданда 4,2 млрд теңгенің құрама жем зауыты пайда болады. Бұл кәсіпорындар өңір экономикасын әртараптандыруға және жаңа нарықтық бағыттарды игеруге мүмкіндік береді.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в Мордовии

Новости спорта


Новости тенниса
ATP

Рио (ATP). 1/4 финала. Зверев сыграет с Комесаньей, Серундоло – с Мюллером






«Провоз Победы» сделает остановку в Ульяновске

На вокзале «Ульяновск-Центральный» пользуется популярностью услуга «экспресс-доставка»

В Мордовии транспортная полиция и МЧС провели профилактический рейд и беседы с населением

Скончалась бывший главный врач противотуберкулезного санатория «Рачейка» Тамара  Иевлева