Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде жас мүсінші, И.Е.Репин атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік көркемсурет, мүсін және сәулет институтының студенті Жанна Нөгербекованың «Таң» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты шарада сөз алған Ұлттық музей директорының орынбасары Абай Сатубалдин: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі әрқашанда еліміздегі жас суретшілердің өнеріне қолдау көрсетіп келеді. Осы мақсатта олардың туындыларын халыққа танытып дәріптейтін көрмелерді ұйымдастырып тұру дәстүрге айналып отыр. Өздеріңіз көріп тұрғандай бүгін Жанна Нөгербекованың жеке «Таң» атты көрмесін ашқалы отырмыз. Жанна жас та болса бірнеше халықаралық көрмелерге өз туындыларын қойып үлгерді. Бүгінгі көрмеден оның шеберлігінің шыңдалғанын байқауға болады», – деді.
Өз кезегінде суретші Жанна Нөгербекова жеке көрмесін ұйымдастыруға ұйытқы болған Ұлттық музейге алғыс білдірді. Және де, еліміздің бас музейінде көрме қою өзі үшін үлкен мәртебе екенін жасырмады.
Көрме экспозициясын әртүрлі техника және қола мен қағазға дейінгі материалдардан жасалған туындылар құрайды. Қонақтардың ерекше ықыласына ие болған экспонаттың бірі – «Жайлау» туындысында төбеден бір сарынмен түсіп келе жатқан отар қойдың ауада қалықтауы суреттелген. Сол арқылы бұл жалғандағы баянсыз өмір туралы пәлсапалық нақыл баяндалады. Отардың үстінде жәрдемші бала мен шопан қалықтап тұр және алуан түрлі шөптің хош иісі аңқыған даланың самал желі «еседі».
Көрмеге қойылған «Абай» және «Шоқан Уәлиханов» туындылары Жаннаның станокты пластика әдісін шебер меңгергендігін дәлелдейді. Ол жасаған Абай мен Шоқан бейнелері нанымдылығымен және адами сезімнің тереңдігімен бас игізеді.
Жас суретші осыған дейінгі шығармашылық жолында 17 ірі көрмеге қатысып, олардың жартысында жеңімпаз және дипломант атанған.
Филиал № 4 ОСФР по Москве и Московской области информирует:
Родители 240,5 тыс. детей в Московской области получают единое пособие
Филиал № 4 ОСФР по Москве и Московской области информирует:
Более 12 тысяч жителей Москвы и Московской области получают повышенную пенсию за работу в сельском хозяйстве
Вебкам-студия MONTANA в Санкт-Петербурге
Состоялась церемония вручения премии Men Today Trends
Подведены Итоги Национальной Премии «Спорт и Россия - 2024»
Вратарь «Композита» об игре на Сахалине в 4 утра по Москве: «Как выползли из самолета – поняли, что нас ждет. Из аэропорта – сразу на стадион, когда горели 0:3, осознал – сил нет. Хорошо, никто не уснул, ха-ха»
Курсанты Пермского военного института Росгвардии приняли участие в межведомственной олимпиаде по дрессировке служебных собак
Спортсмены из Мытищ победители на соревнованиях по акробатическому рок-н-роллу