Жетісу облысында тұтас бір ауыл тері цехының иісіне төзе алмай шағым айтты
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Жетісу облысы Көксу ауданы Балпық би ауылының тұрғындары қыстың аязы мен жаздың аптабында есік-терезені қымтап отыруға мәжбүр. Мұның бәріне мал терісін өңдейтін зауыт себеп.