Добавить новость
ru24.net
Tengrinews.kz
Август
2024

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды

0

Асқарбек Ерсаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Асқарбек Ерсаев бұл қызметке тағайындалға дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Асқарбек Маратұлы Ерсаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Асқарбек Ерсаев 1977 жылы Ақтөбеде дүниеге келген. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, "Нұр" Ақтөбе менеджмент, Бизнес және құқық институтын бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің аппаратында маман болып бастаған.
2000-2014 жылдары банк секторында жұмыс істеді.
2014 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Сауда комитетінің бас сарапшысының міндетін атқарушы болды.
2014-2021 жылдары Ұлттық экономика министрлігінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары, департамент директоры қызметтерін атқарды.
2021-2022 жылдары - Президент Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің сектор меңгерушісі.
2022-2023 жылдары - Қазақстан Үкіметі Аппаратының, Премьер-Министр Кеңсесінің экономикалық бөлімінің меңгерушісі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
WTA

Андреева — вторая самая юная теннисистка, выигравшая стартовые матчи на шести турнирах WTA-1000 подряд






Температура на юге европейской части РФ может достичь плюс 27 градусов

Красноярские бобслеисты завоевали шесть медалей на всероссийских соревнованиях 

17-летний миллионер. Как курсант УИ ГА создал бюджетный дрон и открыл собственную школу

Полпред в СФО обсудил вопрос развития речного судоходства