Добавить новость
ru24.net
Tengrinews.kz
Август
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
28
29
30
31

Мемлекет басшысы Олимпиада жүлдегерлерімен кездесті

0
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиынға қатысушы спортшылар мен бапкерлерді Париж Олимпиадасындағы жетістіктерімен құттықтап, әрбір жеңіс зор ерік-жігер мен қажырлы еңбектің жемісі екеніне назар аударды.
Мемлекет басшысы, ең алдымен, Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің жеңісіне ерекше тоқталды.

"Ол байрақты бәсекенің алғашқы күндері Жақсылық Үшкемпіровтің даңқты жолын жалғады. Ел тарихында тұңғыш рет дзюдодан Олимпиаданың алтын медалін алды. Елдос бауырым, сен Олимпиадаға аттанар алдында маған және барлық спорт жанкүйерлеріне бар күш-жігерімді жеңіске жету үшін жұмсаймын деп уәде бердің. Сөзіңде тұрдың. Нағыз жігітсің! Біз бәріміз сені мақтан тұтамыз. Шын мәнінде, қатарынан үш рет Олимпиада жүлдегері атану – нағыз чемионның қолынан келетін ерлік. Сенің жеңісті жолың спортшыларымызға жігер берді, барша халқымызды қуанышқа бөледі", – деді Президент.


Қасым-Жомарт Тоқаев төртжылдықтың додасынан жүлдемен оралған өзге спортшыларға, бапкерлер мен атлеттерді дайындауға үлес қосқан азаматтарға алғыс айтты.

"Нариман Құрбановтың күміс жүлдесін тарихи жетістік деуге болады. Гимнастика шеберлері тұңғыш рет Олимпиада биігін бағындырып отыр. Демеу Жадыраев пен Нұрбек Оралбай тамаша өнер көрсетті. Мергендеріміз Александра Ле мен Ислам Сәтбаев нысана көздеуден қола медаль алды. Бұл – 28 жылдан бері еліміздің осы спорт түрінен алған алғашқы жүлдесі. Балуан Ғұсман Қырғызбаев пен боксшы Назым Қызайбай жүлдегерлер қатарына қосылды. Жалпы барлық мемлекет Олимпиадаға ең мықты спортшыларын жібереді. Шын мәнінде, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығып, әлемдік бәсекеде жеңіске жету оңай емес. Мұндай жаһандық додада ел қоржынына түскен әр медальдің орны айрықша. Сондықтан бүгін мен Олимпиада жүлдесіне ие болған барша спортшыларымызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Жеңіс жолында спортшы ғана емес, сол саланың көптеген мамандары да тер төгеді. Мен бапкерлерге, спортшыларды дайындауға үлес қосқан басқа да кәсіп иелеріне алғыс айтамын. Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылары жұмысқа жаңа серпін беріп, халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін маңызды қадам жасады. Жауапты сәттерде спортшыларымыздың қасында болып, қолдау көрсетті. Ұлттық Олимпиада комитеті бастаған істі жалғастырып, алдағы уақытта нақты нәтижеге жетеді деп ойлаймын", – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, Париждегі бәсеке олимпиадалық спорт түрлерін одан әрі қолдау маңызды екенін көрсетті.
Өйткені кейбір спортшыларымыз жеңіс тұғырына қолсозым жерден тоқтады, үздік ондықтан көрінді. Бұл олардың шеберлігін әрі жеңіске деген ерік-жігерін байқатады. Әйтсе де, Мемлекет басшысының пікірінше, кәсіби спортта шешімін күткен түйткілді мәселелер де баршылық.

"Мемлекет ең жоғары деңгейдегі спортшыларды дайындауға жеткілікті мөлшерде қаржы бөледі. Сондықтан жұртшылықтың халықаралық жарыстарда кейбір спорт түрлерінен жүлде күтуі – заңдылық. Салалық ведомство спорттың олимпиадалық түрлерін дамыту ісінде кеткен жүйелі қателіктерді егжей-тегжейлі талдауға тиіс. Кешенді реформа жасайтын уақыт келді. Ал оны жүзеге асыру үшін құзыретті министрлік, Ұлттық олимпиада комитеті және спорт федерациялары үйлесімді әрекет етуі керек. Спортта әділ бәсекелестік рухы салтанат құруы қажет. Жемқорлықпен табанды түрде күресіп, жоғары нәтижеге қол жеткізуге кедергі келтіретін протекционизм секілді факторлардан іргені аулақ салған жөн", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Мемлекет басшысы бұқаралық, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спортына баса мән беру қажет екенін айтты.

"Бұл – өте маңызды міндет. Себебі бұқаралық спортты дамыту арқылы біз кәсіби спортқа жол ашамыз және ең бастысы, ұлт саулығын жақсартамыз. Сондықтан мемлекет спорт инфрақұрылымын дамыту үшін тиісті қаражат бөлуде, яғни балалардың жастайынан алаңсыз спортпен шұғылдануына қажетті жағдайды жасап жатыр. Еліміздің аймақтарында 20 мыңнан астам спорт алаңдары жұмыс істеп тұр, 16 мыңнан аса арнайы кешендер мен залдар бар. Осы нысандардың барлығы толыққанды қызмет етуге тиіс және спортпен айналысамын деген әрбір адамға қолжетімді болуы керек. Барлық облыс орталығында және аудандарда футбол, бокс, күрес, баскетбол, волейбол, садақ ату, үстел теннисі, шахмат және тағы да басқа танымал спорт түрлерінің секциясы болуға тиіс. Бұл – әкімдердің міндеті. Ал Үкімет спорт нысандарының жұмыс тиімділігіне сараптама жүргізіп, осы мәселе бойынша тиісті шаралар қабылдағаны дұрыс", – деді Президент.


Қасым-Жомарт Тоқаев спорт резервін әзірлеу ісінде Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептері негізгі рөл атқаратынына назар аударып, олардың жұмысын жүйелеу жөнінде мәселе қозғады.

"Елімізде 500-ден астам Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі бар. Бірақ олардың қызметінде түйткілді мәселелер аз емес. Осындай мектептердің бағдарламасына кірген 162 спорт түрінің тек 52-сі ғана олимпиадалық спорт түріне жатады. Сондықтан олимпиадалық спорт түрлерінің резервін толықтыратын қабілетті балалар жетіспейді, сайып келгенде спорттағы жоғары жетістіктердің нәтижесі нашарлайды. Қаржының дұрыс бөлінбеуінен бюджет ақшасының басым бөлігі "желге ұшады", – деді Президент.

Бұл ретте Мемлекет басшысы спорт саласына жоғары білікті мамандарды тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасау керек екенін атап өтті.

"Өкінішке қарай, көптеген талантты бапкерлер өз елімізден қолдау таппай, шетел асып кетіп жатады. Олар сол жерге барып, жас спортшыларды тәрбиелейді, яғни, басқа мемлекеттің ұлттық құрама командаларын әлемдік додаларға дайындайды. Мысалы, осы Олимпиада ойындарында Тунис елінің тхэквондодан ұлттық құрамасы қазақ бапкері Есбол Сұлтановтың жетекшілігімен екі медаль жеңіп алды, оның біреуі – алтын медаль. Бапкерлерге жан-жақты қолдау көрсету шараларын қолға алу керек, әсіресе, олардың қоғамдағы әлеуметтік және кәсіби мәртебесін арттыру өте маңызды. Бір сөзбен, бізге мықты бапкерлер мектебін жасақтау қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Президент шетелдік спортшыларға азаматтық беріп, ел атынан додаға қосу тәжірибесін доғару керек екенін айтты.

"Өйткені кез келген легионер ұлттық құрамаға шақырту алғысы келетін жас әрі болашағынан көп үміт күттіретін атлеттеріміздің жолын кеседі. Одан гөрі қазір бізде дамуы кенжелеп тұрған спорт түрлерінен мықты шетелдік бапкерлерді тарту мүмкіндігін қарастырған жөн. Легионер-спортшылардың жетістігі бүгін мерейіңді өсіргенмен, ертең абыройыңды асқақтатпайды. Бұл жерде кәсіби бапкерге басымдық берген жөн", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев олимпиада резервін дайындайтын мектеп-интернаттар мен колледждерге жан-жақты қолдау көрсету керек екенін айтты.

"Мұндай оқу орындары барлық аймақта болуы қажет. Алматыда жаңа Олимпиадалық даярлық базасы салынды. Бұл біздің спортшыларымыздың жоғары деңгейде жаттығуына зор мүмкіндік береді. Қазір Астанада Ұлттық спорт университеті салынып жатыр. Оқу орны спорттық білім берумен шектелмейді. Онда заманауи зерттеу орталығы ашылады. Осының бәрі елімізде чемпиондардың жаңа буынын дайындап шығаруға жол ашатынына сенімдімін", – деді Мемлекет басшысы.


Президент жас спортшыларды төл таным-түсінігімізге сай тәрбиелеп, олардың бойына дәстүрлі құндылықтарды сіңіру өте маңызды деп санайды.

"Ұлттың жаны – таза, санасы – сау болуға тиіс. Спортшылар, ең алдымен, спортпен шұғылдануы керек. Тағы бір міндет – спорт қауымдастықтарының тиімділігін арттыру. Олардың көбі мықты спортшыларды іріктеп, кәсіби тұрғыдан өсірудің оңтайлы жолын таппай келеді. Соның салдарынан нағыз дарынды жастар көзге ілінбей, жолы ашылмай қалады. Сондықтан ел ішіндегі түрлі жарыстарда әділдік болуын қамтамасыз ету керек. Спортшыларды іріктеу жұмыстары барынша ашық жүргізілуге тиіс. Сонымен қатар спортшыларды даярлаудың бірыңғай стандартын әзірлеп, заманауи әдістемелер негізінде бапкерлер мен төрешілердің біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар қабылдау қажет. Спортшыларды сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз етуге федерациялар тарапынан жеткілікті көңіл бөлінбей жатқанына жиі шағым түседі. Бүкіл әлем спорт медицинасы кәсіби даярлықтың ажырамас бөлігі екенін мойындап отыр. Бұл – жоғары технологиялық сала. Инновациясыз, озық ғылыми ізденіссіз және жоғары білікті мамандарсыз іс өнбейді. Мемлекет қажет ресурсты бөліп отыр. Демеушілерден де қыруар қаржы түседі. Федерациялар соны мақсатқа сай жұмсауға тиіс. Республикалық федерациялардың қызметіне сараптама жүргізіп, қаржыландыру тәсілдерін қайта қарауды тапсырамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы бес жылда жоғары жетістіктер спортына шығын екі есе өскен, бірақ соған лайық нәтиже жоқ.

"Салалық министрлік, Ұлттық олимпиада комитеті, өңірлердегі спорт басқармалары мен федерациялардың жұмысында олқылық көп әрі өзара үйлесімді жұмыс жоқ деп санаймын. Қазіргі жағдайға қарағанда, спорт функционерлері саланы дамытумен емес, миллиардтаған бюджет қаржысын игерумен әлек. Олар түпкі нәтижеге бас ауыртпайды. Спорт саласында жемқорлық фактілері жиі кездеседі. Бұл тек отандық спорттың дамуына ғана емес, елдің абырой-беделіне нұқсан келтіреді. Мұндайға жол беруге болмайды! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл ретте Прездент бүгінде әр өңір қандай спортты қолдайтыны туралы шешімді өз бетінше қабылдайтынын сынға алды. Үкіметке жағдайды баылауға алып, спортқа қатысты мекемелердің барлық деңгейіндегі басқару вертикалін қалпына келтіру жөнінде тапсырма берді. Сонымен қатар еліміздің спорт қауымдастығы мен шетелдерде Ұлттық олимпиада комитетінің беделін көтеру туралы міндет жүктеді.

Мемлекет басшысы ұлттық спорт түрлерін дамытуға ерекше мән беріліп жатқанына назар аударып, елімізде өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының мән-маңызына тоқталды.

"Бұл сайыс арқылы біз, ең алдымен, төл өркениетіміздің тамыры терең тарихын жер-жаһанға паш етеміз. Сондай-ақ дүбірлі дода түрлі елдердің достығын нығайтатын маңызды қадам болмақ. Көшпенділер ойындары экологияны сақтау, Қазақстанды жасыл елге айналдыру және абаттандыру тақырыбын көтеруге жақсы мүмкіндік береді. Олимпиада кезінде түбі бір түркі жұрты өзара тілектестік пен жанашырлықтың шынайы үлгісін көрсетті. Спортшылар да, жанкүйерлер де көрші елдердің әрбір жеңісіне шын жүректен қуанды. Бір-біріне қолдау білдіріп, қажет болса көмектерін де аяған жоқ. Тіпті, балуандарымыз жеңіс тұғырына туған бауырлар сияқты бірге көтерілді. Халықтар арасындағы риясыз достық дегеніміз – осы! Бұл – шын мәнінде, баға жетпес байлық. Біз барлық салада бір-бірімізге тілектеспіз. Көшпенділер ойындары бауырлас елдердің осындай мызғымас бірлігін бекемдей түспек. Сондықтан оны жоғары деңгейде ұйымдастыруымыз керек", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, біз үшін бұқаралық спортқа жүйелі қолдау көрсету, жан-жақты дамыған, салауатты ұлт қалыптастыру маңызды екенін еске салды.

"Біз осы мақсатта денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім, ғылым, мәдениет және спорт салаларында ауқымды реформалар жүргізіп жатырмыз. Сондықтан қалайда медаль алу – біздің жол емес. Бұған дейін жалған атақтың жетегіне еріп, түрлі қитұрқы әрекеттер жасалғаны бәрімізге мәлім. Соның нәтижесінде көптеген спортшы денсаулығынан айырылды. Олар спорттан біржолата кетті. Еліміздің абырой-беделіне нұқсан келді. Қазақстанға бір сәттік, алдамшы жетістіктер керек емес. Жұрттың біз туралы не ойлайтынына алаңдамай, төл болмыс-бітімімізді сақтауымыз керек. Жан-жағымызға жалтақтамай, алға қарай батыл әрі жүйелі қадам басуымыз қажет. Кез келген нәрсеге бола салымыз суға кетіп, күңіре бергеннен, күйзеліске түскеннен пайда жоқ. Бұл жөнінде мен бұған дейін де айтқан едім. Біздің мақсатымыз – баршаға айқын. Бұл – озық ел болу. Сондықтан біз бір ел, бір халық болып, тек алға қарай жүруіміз керек. Олимпиаданың ең басты құндылығы – медаль ғана емес. Жаһандық бәсеке кезінде тұтас еліміз өзара тілектес, ниеттес болды. Ең басты құндылық – осы", – деді Мемлекет басшысы.

Салтанатты жиында Олимпиада чемпионы, дзюдошы Елдос Сметов, байрақты бәсекенің қола жүлдегерлері, мерген Александра Ле мен боксшы Назым Қызайбай сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus



Новые звезды артистов, дизайнеров и предпринимателей зажглись на IV Фестивале “Красивый бизнес России – Мода. Музыка. Кино”

Более 6 миллионов жителей Московского региона выбрали электронные трудовые книжки

Социальный фонд оказывает помощь эвакуированным жителям Курской области

С начала 2024 года более 2,5 тысячи многодетных мам в Московском регионе досрочно вышли на пенсию


Колоноскопия пройдет без боли: о правилах подготовки к процедуре рассказал гастроэнтеролог Садыков

Музыкальный Продюсер. Известный музыкальный Продюсер.

Вадим Терещук: «Радио модно и навсегда, как сумка Birkin»

Российские СМИ об искажениях истории в учебниках стран СНГ


Illegal migrant, caught and released at border, convicted of sex crimes against Virginia child

Eleven sensational Premier League transfers that could yet be done including huge deals for Man Utd and Chelsea

Boeing ‘humiliated’ over upstart rival SpaceX rescuing stuck astronauts | Reporter Replay

Deontay Wilder Rules Out Incredible Comeback Fight Offer: “Not Interested”


Социальный фонд оказывает помощь эвакуированным жителям Курской области

Начался суд над опекуншей убитого в Екатеринбурге мальчика

Ваш Galaxy S4 больше не сможет звонить: Билайн отключил 3G в Москве

Без бумажки ты какашка


Feral Interactive объявили о бета-тесте мультиплеера для Company of Heroes на Android

After 20 years of patience and negotiations, RPG veteran Brian Fargo managed to buy back a lost haul of memorabilia from Fallout, Baldur's Gate, and more: 'It was like a very exciting version of Storage Wars'

Dragon Age: The Veilguard is getting a prequel in the form of an audio drama podcast

INCUBO M: Horror Adventure появилась в Google Play



Социальный фонд оказывает помощь эвакуированным жителям Курской области

С начала 2024 года более 2,5 тысячи многодетных мам в Московском регионе досрочно вышли на пенсию

Амбассадор фонда без кистей рук установил мировой рекорд в дисциплине стронгмен

Более 6 миллионов жителей Московского региона выбрали электронные трудовые книжки




Новые звезды артистов, дизайнеров и предпринимателей зажглись на IV Фестивале “Красивый бизнес России – Мода. Музыка. Кино”

Более 6 миллионов жителей Московского региона выбрали электронные трудовые книжки

Психолог Сальникова рассказала, как поцелуи влияют на организм человека

Социальный фонд оказывает помощь эвакуированным жителям Курской области


Загрутдинов: у станции «Университет Дружбы Народов» появятся клумбы в виде материков

Синоптик Леус: В столичный регион пришла аномальная жара

Московские суды начали получать сообщения о минировании

В России представили энергоустановку с новым принципом работы и высоким КПД


Рублев всухую обыграл Уайлда в первом круге US Open-2024

Последний в сезоне теннисный турнир Большого шлема стартует в Нью-Йорке

Теннисист Рублев был предупрежден за ругань в матче US Open

Шелтон о достижениях Тима на «Больших шлемах»: «Четыре финала и титул – то, о чем дети могут только мечтать. Я имею в виду себя, это было не так давно»


Нижегородские специалисты продолжают поэтапные обследования искусственных дорожных сооружений

Губернатор обсудил открытие медвуза с главой Минобрнауки

В Электростали проведут капитальный ремонт школы Олимпийского резерва

Росгвардия предоставила более 3 тысяч государственных услуг в сфере оборота гражданского оружия и охранной деятельности в Москве за прошлую неделю


Музыкальные новости

Певица Анна Asti пожелала Долиной заработать больше, чем она потеряла из-за аферы

Музыкальный Продюсер. Известный музыкальный Продюсер.

Алла Рид, Даниил Крамер и другие звезды на концерте памяти Георгия Гараняна

Аранжировка Песен. Аранжировка Музыки. Создание Аранжировок.



Более 6 миллионов жителей Московского региона выбрали электронные трудовые книжки

Социальный фонд оказывает помощь эвакуированным жителям Курской области

Амбассадор фонда без кистей рук установил мировой рекорд в дисциплине стронгмен

Подбор персонала через кадровое агентство: преимущества и особенности


Сергей Собянин: Стандарт оказания медпомощи стал выше

Объявлены судьи на матчи 3-го тура группового этапа Пути РПЛ Кубка России

Гений и столица. Кто живет в московской квартире, где мучился Чехов

В Сочи подвели итоги конкурса национальной патриотической песни «Красная гвоздика» имени Иосифа Давыдовича Кобзона


Мотоцикл и автомобиль столкнулись на Новом Арбате

Дептранс Москвы показал, как будет выглядеть рельсовый каркас Москвы в 2030 году

Сотрудники ОМОН Росгвардии в Москве оказали помощь пострадавшему в ДТП мужчине

Производитель электромобиля «Атом» сделал заказ новосибирским компаниям и вузу


Бывший премьер РФ рассказал, что отличает Путина от его предшественников

Заместитель управляющего ОСФР по г. Москве и Московской области Алексей Путин об индексации работающим пенсионерам

При посредничестве Москвы: Армению и Азербайджан ждет нормализация отношений

Национальный центр «Россия». Всё только начинается!





Ефимов: новые предприятия, объекты образования и медицины возведут на севере Москвы по программе КРТ

Косметолог Мадина Байрамукова: какие процедуры стоит сделать после лета

Колоноскопия пройдет без боли: о правилах подготовки к процедуре рассказал гастроэнтеролог Садыков

Врач-стоматолог Татьяна Сумцова: новый тренд опасен для здоровья зубов


Зеленский в Киеве срочно заговорил о «справедливом» мире с Россией

Зеленский признал, что некоторые обещания Запада перед Киевом не реализуются месяцами


«Родина» упустила победу над «Ротором», пропустив на 83-й минуте матча Первой лиги

На прошедших выходных в Москве отгремел ЦСКА FEST

Объявлены судьи на матчи 3-го тура группового этапа Пути РПЛ Кубка России

Во дворах неинтересно: как в Крыму создали тренд на дружелюбный ЖК


Лукашенко заявил о желании возобновить сотрудничество с Молдовой



Сергей Собянин: Москва — лидер российского кинопроизводства

Сергей Собянин. Главное за день

Сергей Собянин: Стандарт оказания медпомощи стал выше

Собянин: Москву-реку разделили на участки для отдыха и прогулочных маршрутов


Производитель электромобиля «Атом» сделал заказ новосибирским компаниям и вузу

"Родина": 55% москвичей готовы переплатить до 10% за квартиру рядом с лесопарком

Неделя финансовой грамотности научит, как сберечь и приумножить свои капиталы

Очаровательная коллекция детской посуды в Fix Price


Московские суды начали получать сообщения о минировании

Синоптик Леус: В столичный регион пришла аномальная жара

Пробки на дорогах Подмосковья составили 5 баллов утром 27 августа

Росгвардия предоставила более 3 тысяч государственных услуг в сфере оборота гражданского оружия и охранной деятельности в Москве за прошлую неделю


В Архангельске подвели итоги работы Всероссийского медицинского трудового проекта Российских студенческих отрядов «Коллеги»

Вильфанд предупредил о жаре в более чем 15 регионах России

Два автомобиля столкнулись на дороге между Хомяково и Архангельское в Туле

Архангельская теннисистка взяла бронзу всероссийского турнира


Акция-настроение «С книжных страниц – на большой экран»

Литературный агент для Писателей и Поэтов.

Еженедельный вестник катастроф

В Крыму трое мужчин избили подростков из-за мяча, попавшего в автомобиль


Пробки на дорогах Подмосковья составили 5 баллов утром 27 августа

Синоптик Леус: В столичный регион пришла аномальная жара

В Электростали проведут капитальный ремонт школы Олимпийского резерва

Нижегородские специалисты продолжают поэтапные обследования искусственных дорожных сооружений












Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Андрей Рублёв

У Сейбота Уайлда в конце матча с Рублевым начались судороги






В Электростали проведут капитальный ремонт школы Олимпийского резерва

Росгвардия предоставила более 3 тысяч государственных услуг в сфере оборота гражданского оружия и охранной деятельности в Москве за прошлую неделю

В России представили энергоустановку с новым принципом работы и высоким КПД

Московские суды начали получать сообщения о минировании