NCOC компаниясы Мақат ауданының 100 жылдығына орай демеушілік көрсетті
Аудан мерейтойы қарсаңында ат жарыс (аламан бәйге, құнан жарыс, тай жарыс), қазақша күрес, гір тасын көтеру сияқты бірқатар іс-шара орайластырылған. NCOC компаниясы жеңімпаздарға автокөліктер, мотоциклдер, үй кинотеатрлары мен теледидарлар табыстады.
Фото: NCOC компаниясы ұсынған
Ауданның орталық алаңында Kalifarniya, Ұлықпан Жолдасов, Өмірқұл Айниязов және Ақтоты Болышева сияқты белгілі әншілер мен жергілікті өнерпаздардың қатысуымен гала-концерт өтті. Мерекелік кеш соңы отшашумен аяқталды.
Мақат ауданы Атырау облысының оңтүстік-шығысында орналасқан. Аудан негізі қаланғаннан бастап мұнай өнеркәсібі, темір жол тасымалы және мұнай мен газ тасымалының маңызды орталығына айналды. Мұнда Қазақстан мұнай өнеркәсібінің бастауы болған тарихи "Доссормұнайгаз" өндірістік басқармасы мен Доссор автожөндеу зауыты жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар Солтүстік Каспий жобасының құрлық кешені – "Болашақ" мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысы (МГКДҚ) Мақат ауданында орналасқан.
NCOC компаниясы Мақат ауданының өміріне белсенді қатысып, елеулі әлеуметтік қолдау көрсетіп келеді. Компания мұнай саласын дамытумен ғана шектелмей, жергілікті халықтың тұрмыс деңгейін жақсартуға үлес қосуды мақсат етеді.
NCOC компаниясының жергілікті мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджері Құлжанов Сұңқар құттықтау сөзінде: "NCOC компаниясы Мақат ауданының халқымен сенім мен ізгі ниетке негізделген қарым-қатынас құруға ұмтылады. Ауданының барлық тұрғынына мықты денсаулық, бақыт және құт-береке тілейміз", - деді.
Компания 2003 жылдан бері қарай Мақат ауданындағы 17 инфрақұрылымдық жобаға, соның ішінде мектеп, балабақша, аурухана, инженерлік желілер мен тұрғын үйлер құрылысына 15,7 миллион доллар көлемінде қаржы бөлді. Одан бөлек өңірдегі 240 демеушілік және қайырымдылық жобасына 4 миллион доллар көлемінде қолдау көрсетті. Атап айтсақ, сол қаражатқа инватакси, медициналық жабдықтар, Монтессори кабинеттеріне арналған жабдықтар, спорт құралдары, кітапханалар мен мектеп автобустары сатып алынды. Қазіргі уақытта компания әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар аясында 60 пәтерлік тұрғын үй салып жатыр. Бұл жобалармен шектелмей, келешекте инфрақұрылымдық жобалар санын арттыруды жоспарлап отыр.
2023 жылы Мақат мұнай және газ технологиялық колледжімен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, бұл серіктестікке ерекше көңіл бөлініп отыр. Білім беру сапасын арттырып, білікті мамандар даярлауды жолға қоюға бағытталған бастама өңірдің одан әрі дамуына ықпал етпек.