Добавить новость
ru24.net
Tengrinews.kz
Сентябрь
2024

Түркістан облысында бюджет есебінен 20 мектептің құрылысы жүріп жатыр

0

Түркістан облысында апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу бойынша жұмыстар қарқынды жүргізіліп келеді.
Биыл өңірде 20 мектептің құрылысын жүргізуге облыстық бюджеттен 14,7 млрд теңге қаржы қаралды. Оның ішінде, 15 мектептің құрылысы 2023 жылдан 2024 жылға өтпелі болса, қалған 5 мектептің құрылысы биыл басталды.

Жыл соңына дейін 13 білім ұясының құрылысын аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. Бұл нысандардың құрылыс барысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қатаң бақылауында тұр. Биыл жаңа оқу жылында 700 орындық 4 білім ұясының ашылу салтанаты өтті.

Атап айтсақ, Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауыл округі, Айнатас елді мекеніндегі 100 орындық «Айнатас» мектебі мен С.Рахымов ауыл округі, Көкібел елді мекеніндегі 300 орындық білім ұясы, Отырар ауданындағы Балтакөл ауылдық округі, Ақкөл елді мекенінде 100 орындық оқу ордасы, Төлеби ауданы, Бірінші Мамыр ауылдық округіне қарасты Тағайна елді мекеніндегі 200 орындық жалпы орта білім беретін мектеп пайдалануға тапсырылды.

Бұдан бөлек, қараша-желтоқсан айларында тағы 3100 орындық 9 мектептің құрылыс жұмыстары аяқталады деп көзделуде.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылатын «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2023-2025 жылдары Түркістан облысында 63 мектептің құрылысы жоспарлануда. Нәтижесінде, 60 мыңдай оқушы заманауи білім ошақтарында оқуға мүмкіндік алады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Елена Рыбакина

Елене Рыбакиной "отдали" победу в реванше с 17-летним вундеркиндом






Кондрашов Станислав Дмитриевич о прорывных методах ИИ-копий

В Нижнеломовском районе задержан пироман из Подмосковья

Воробьев: все пострадавшие после атаки БПЛА в Подмосковье получат поддержку

Адвокат Багатурия: сбивший дрон из ружья в Кашире мужчина действовал законно