Добавить новость
ru24.net
Tengrinews.kz
Октябрь
2024

“Бақылаудың жоқтығы“ - Бектенов Сарандағы жағдайға қатысты

0

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Саран қаласындағы жылу беру маусымындағы жағдай қатаң бақылауда екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкімет отырысында Саран қаласында жылу беру маусымының басталуы туралы мәселе күн тәртібінен тыс қаралды. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Үкімет басшысы бәрін бүгін аяқтауды тапсырды.

"Бұл – Саран қаласы әкімінің жеке жауапкершілігі және облыс әкімдігі тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығы", - деді Олжас Бектенов.

Премьер-министрдің тікелей тапсырмасымен қазір тексеріс жүріп жатқаны белгілі болды.

"Жылу беретін нысанның дайындығы туралы жалған ақпарат берген адамдардардың барлығы жауапкершілікке тартылады", - деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ, отырыстан кейін энергетика министрі Саран қаласына барып, бәрін тексереді.

"Тексеру нәтижесі бойынша материалдарды құқық қорғау органдарына жібереміз. Егер қылмыс құрамы болса, кінәлі адамдардың бәрі қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - деп ескертті Бектенов.

Қарағанды ​​облысындағы Саран қаласының тұрғындары үйлерінде жылу жоғын айтып шағымданды. Кейін қала әкімі Еркін Баулықов тұрғындардан кешірім сұрап, жақын арада пәтерлерге жылу берілетініне ​​уәде берді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Арина Соболенко

Арина Соболенко снялась для Harper's Bazaar и раскрыла тайны личной жизни






Рекордные 750 тыс. поездок на столичных трамваях совершили пассажиры за 1 день

«Приключение Чебурашки в новогодней стране» показали в Волоколамском округе

Спутник Роскосмоса передал снимки места рождения Иисуса Христа

Юные баскетболисты Подольска победили на областном первенстве