Добавить новость
ru24.net
Tengrinews.kz
Октябрь
2024

Келестегі мектеп ауласынан 1353 жылы жасалған қол диірмені табылған

0
Келес ауданы білім бөліміне қарасты №31 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің тарихи-археологиялық мұражайында мектеп ауласынан табылған құнды жәдігерлер жетерлік. Соның ішінде 1353 жылы тастан жасалған қол диірмендерін де атап өту керек.

Мұражайда ХVІІІ-ХІХ ғасырларға тиеселі ағаш шоқпар мен ожау, ежелгі қаңлы дәуіріне тиеселі саз балшықтан жасалған құмыралар мен ыдыстар бар. Сондай-ақ, сөрелерге көне монеталар мен қоладан жасалған шәйнек, кесе секілді тұрмыстық заттар қойылған дейді мектеп басшысы.


"Жүзімдік ауылында орналасқан мектеп ауласына 1985-1986 жылдары археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген. Жалпы аумағы - 68 шаршы метрді құрайтын мұражай екі бөлмеден тұрады. Экспозициялық бөлменің аумағы - 56 шаршы метр. Мұражайда жалпы 152 экспонат бар. Балалар қазіргі таңда осы жәдігерлерді зерттеп, ғылыми зерттеу жұмыстарын да жазып жатыр", - дейді мектеп директоры Ақмарал Қамбарова.


Ұстаздардың айтуынша, қазіргі кезде де мектеп ауласында ауыл маңында көптеген жәдігерлерді кездестіруге болады. Тарихшы мамандардың қорытындысына сәйкес, осы аймақтан табылған тарихи экспонаттар біздің заманымыздың I-XIII ғасырлардағы Қаңлы мемлекеті мен Қарахан мемлекеті кезеңдеріне жатады.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Арина Соболенко

«Она вернулась к своей лучшей игре». Соболенко — о предстоящем матче с Бадосой на AO






Стала известна дата раннего доступа MMORPG The Quinfall

И в этом виновата Россия: председатель ЕК обвинила Москву в «заоблачных

Нижегородская область подключается к проекту по обслуживанию граждан в МФЦ с использованием биометрии

Евгений Стодушный занял пост директора Хора Минина