Қазақстанда күн жылынады
Синоптиктер Қазақстанда 26, 27 және 28 желтоқсан күндері ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ауа райы болжамына сәйкес, Қазақстанның көп бөлігінде түнде температура 3-15 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 6 градус аяздан 5 градус жылуға дейін көтеріледі. Тек елдің батысында температурада айтарлықтай өзгеріс болмайды.
Жалпы республика бойынша көктайғақ, тұман, күшті жел, ал батыс аймақтарда көктайғақ болады деп болжанған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!