Добавить новость
ru24.net
Tengrinews.kz
Декабрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28
29
30
31

Ақтаудағы ұшақ апаты: бортта қанша адам болған?

0

Ақтауда құлаған ұшақта 67 адам болғаны хабарланды. Бұл туралы ресейлік БАҚ жазып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, ұшақта 62 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған (барлығы 67 адам).

"Ұшақ апаты орнынан 12 адам (оның ішінде бір бала) әртүрлі жарақаттармен Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Ұшақта 67 адам болған, оның ішінде экипаж мүшелері де бар. Оқиға орнында 14 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр", – деп хабарлады ведомство.

Бұл ретте кей БАҚ мәліметінше, бортта 72 адам болған.

"Баку - Грозный бағытымен ұшып шыққан ұшақта 67 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған", – деп жазды BAZA Telegram-каналы.

Бұл ретте, Mash Telegram-арнасы ұшақта 105 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болғанын хабарлады. Барлық жолаушылар – Ресей мен Әзербайжан азаматтары.
Қазақстанның ТЖМ мәліметінше, Ақтауға ұшақ апаты орнына Қазақстан ТЖМ-нің 52 қызметкері мен 11 техника барған.

"Құтқарушылар өртті сөндіруге кірісті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр, алдын ала мәлімет бойынша тірі қалғандар бар", – деп хабарлады ведомство.

ТЖМ командалық орталығында республикалық жедел штаб құрылды, байланыс телефоны жұмыс істейді: 8 7292 319099.
Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі.
Кейінірек Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнына барды. Құтқарушылар жеткен кезде ұшақ өртеніп жатқаны анықталды. ТЖМ тірі қалғандар бар екені туралы айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Большой шлем

Открытие Игр в Париже, допинг Синнера и Свёнтек и заявление Федорищева: главные скандалы 2024 года в спорте






Итоги года: вспоминаем, как Бердск прожил 2024-й

Водитель снегоуборочной машины задавил насмерть ребенка на Ямале

В СМИ сообщает, что Алексей Комаров уходит с поста министра образования

СК попросил суд продлить домашний арест жене экс-мэра Сочи Копайгородского