Қазақстанның Бас прокуратурасы Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады
Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты Бас прокуратура мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әзербайжан әуекомпаниясының ұшағы апатқа ұшыраған дерек бойынша Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығымен ведомствоаралық тергеу-оперативтік тобы құрылған. Оның құрамына көлік прокуратурасының, ІІМ және ТЖМ тәжірибелі қызметкерлері кірді.
"Оқиға орнына үкіметтік комиссия құрамында елдің Бас көлік прокуроры барды. Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ерекше бақылауында", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, алғашқы хабарлар 11:20-да келіп түскен, сол кезде Бакуден Грозныйға бағыт алған ұшақ Ақтауға жедел қону үшін сұраныс жасағаны туралы айтылды.
Грозный әуежайының баспасөз қызметі мәліметіне сәйкес, ұшақтың бағытын өзгертуге қалың тұман себеп болған. Ұшақ алдымен Махачкалаға, содан кейін Ақтауға қайта бағытталған.
Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі.
Кейінірек Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнына барды. Құтқарушылар жеткен кезде ұшақ өртеніп жатқаны анықталды. ТЖМ тірі қалғандар бар екені туралы айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!