Тұман, көктайғақ, жел: 1 қаңтарға ауа райы болжамы
"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2025 жылғы 1 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райына Скандинавия түбегінің аудандарынан циклон әсер етеді, оған байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, шығысында бұрқасын және екпінді желмен қар жауады, елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, жел күшеюі күтіледі.
Күндіз шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде 30 м/с және одан да көп қатты жел күтіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!