Гамлет және Мариетта: Қазақстанда жаңа туған сәбилерге қойылған сирек есімдер
2024 жылы Қазақстанда жаңа туған сәбилерге берілген есімдердің ішінде сирек кездесетін Топ-20 есім ерекшеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ер балаларға қойылған сирек есімдер
2024 жылы ата-аналар жаңа туған ер балаларға ерекше есімдер таңдаған. Олар: Акиль, Алим Хан, Христос, Тынар, Темір-Сұлтан, Сэмюэл, Симеон, Сейфадин, Прохор, Марьян, Майяр, Илиан, Гурами, Гамлет, Варлам, Буслай, Божен, Артурий, Анувар және Қасымғали.
Салыстырар болсақ, 2023 жылы ер балаларға мынадай ерекше есімдер қойылған: Абу-Убайда, Адион, Салахадин-Давид, Марин, Лиен, Лев Велимир, Йонас, Есембай, Диос, Димитрий, Димас, Гаджимурад, Вальтер, Богдамир, Ахьмад-Абдуллах, Аскан, Аммаль, Алавди, Айс және Тамимдар.
Қыз балаларға қойылған сирек есімдер
2024 жылы жаңа туған қыз балалар арасында мынадай ерекше есімдер назар аудартты: Аверин, Ави, Мариетта, Малина, Магдалина, Ма Ру, Лучиана, Ксенья, Ксандра, Клавдия, Иоланта, Инга-Богдана, Имиллия, Зофия, Зарьяна, Асалина, Армани, Алитея, Айтемира және Милли.
2023 жылы қыз балаларға берілген сирек кездесетін Топ-20 есімдер: Аврелия, Алифтина, Клавдия, Капиталина, Имиллия, Ильяна, Иланга, Ивета, Захар, Евфимия, Драгомира, Дилорам, Дамилла, Гаяна, Вячеслава, Вида, Белла-Мария, Альвиана, Алуника және Лена.