Астанада алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?
Қазгидромет Астанада 17-19 қаңтар аралығында ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
17 қаңтарда Астанада ауыспалы бұлтты ауа райы күтіледі, кейде қар жауады, боран болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 9-14 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -11...-13°C, күндіз -6...-8°C болады.
18 қаңтарда ауыспалы бұлтты, кейде аздаған қар жауады, боран соғады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-12°C, күндіз -7...-9°C.
19 қаңтарда ауыспалы бұлтты, кейде аздаған қар жауады, төменгі боран болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -12...-14°C, күндіз -5...-7°C.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!