Трамптың инаугурациясына Қазақстан атынан кім барады?
Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың инаугурациясына Қазақстан атынан кім қатысатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
20 қаңтарда Вашингтонда өтетін рәсімге Қазақстан атынан АҚШ-тағы елші Ержан Ашықбаев барады.
gov.kz
Ержан Ашықбаев 2021 жылғы 5 сәуірден бастап Қазақстанның АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарады. 2013 жылдан 2021 жылға дейін сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды.
Инаугурация - АҚШ-тағы президенттік билікті берудегі маңызды сәт. Осы ресми рәсім кезінде қазіргі президент өз өкілеттігін келесі президентке береді.
Еске салайық, 2024 жылы 5 қарашада Америка Құрама Штаттарында президент сайлауы өтті. Негізгі кандидаттар республикашылар атынан Дональд Трамп және демократтар атынан Камала Харрис болды. Бұл - елдің 47-ші президенті сайланатын 60-шы президенттік сайлау.
Трамп Вашингтон уақыты бойынша түнгі сағат екіде (Астана бойынша сағат 12:00-де) сайлаудың жеңімпазы деп жарияланды. Ол барлық негізгі штатта жеңіске жетті.
Анықтама: Сайлауда америкалықтар жаңа президентті ғана емес, вице-президентті, конгрестің 468 мүшесін, 11 штаттағы губернаторларды, сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына өкілдерді анықтады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!