Добавить новость
ru24.net
Tengrinews.kz
Январь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстанда бопсалаушы қылмыстық топтар ұсталды

0
ІІМ бопсалаушы қылмыстық топтарды анықтау және ұстау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қаңтарда Павлодарда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен жергілікті криминалитет арасынан бір топ адам ұсталды. Олар жүйелі түрде жастарды бопсалап, кәмелетке толмағанды қылмыстық әрекетке тартқан.
Петропавлда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері үш адамнан тұратын топты ұстады. Фигуранттардың біреуі бұрын бірнеше рет сотталған. Күдіктілер жергілікті тұрғынды заңсыз қамауда ұстап, ұрып-соғып, ақша боспалаған.
Жамбыл облысы Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шаруа қожалығының басшысынан 800 мың теңге ақша бопсалаған күдіктілерді ұстады. Тінту барысында олардан шолақ мылтық пен оқ-дәрі тәркіленді. Тергеу бопсалау және атыс қаруын заңсыз сақтау деректері бойынша жүзеге асырылып жатыр.

"Былтыр полиция қызметкерлері 500-ден астам бопсалау қылмыстарын анықтады. Көбінесе қылмыскерлер қорқыту арқылы ақша бопсалаған. Мұндай факт Алматы қаласында анықталған. Онда жедел іс-шаралардың нәтижесінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы 4 азаматты ұстады. Олар жергілікті тұрғыннан беделін түсіретін бейнематериалдарды таратпағаны үшін 40 миллион теңге талап еткен. Құқық қорғау органдарына жүгіну қылмыстардың аталған түрінің жолын кесудің ең сенімді тәсілі болып табылатынын атап өткен жөн", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Андрей Ольховский

Теннисист Ольховский: Тин сыграл великолепно в матче с Медведевым






Собянин: 21 электроподстанцию модернизировали в Москве в 2024 году

Правительство Мишустина: пять лет без права на ошибку

В игре “Мир Танков” начался третий и последний этап общих тестов самого крупного обновления

Индии грозит «нефтяной шок» из-за новых санкций против России