Добавить новость
ru24.net
Tengrinews.kz
Январь
2025

АҚШ-та TikTok Трамптың инаугурациясына бір күн қалғанда бұғатталды

0
АҚШ-тағы TikTok қолданушылары қосымшаның бұғатталғанын хабарлады. Әлеуметтік желіге кіруге тырысқанда, олар Вашингтон қабылдаған заңға байланысты платформаны қазіргі уақытта пайдалана алмайтындықтары туралы хабарлама алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sky News-ке сілтеме жасап.
Қосымшаны қолдануға тыйым салу бүгін күшіне енуі керек еді, себебі бұрынғы президент Джо Байден өткен жылы TikTok-тың Қытайда орналасқан бас компаниясы ByteDance-ке "ұлттық қауіпсіздік мүдделері" үшін TikTok-тан бас тартуды, әлеуметтік желіні қытайлық емес сатып алушыға сатуды немесе ең ірі нарықтардың бірінде тыйым салуға тап болатынын талап ететін заңға қол қойған болатын.

"АҚШ-та TikTok-қа тыйым салатын заң қабылданды. Өкінішке қарай, бұл қазіргі уақытта сіздің TikTok-ты пайдалана алмайтыныңызды білдіреді", – делінген АҚШ-та қосымшаны пайдаланған кезде көрсетілетін хабарламада.

Қосымша енді Apple қолданбалар дүкенінде қолжетімді емес
Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамптың ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлескенін, әңгіме барысында олар TikTok мәселесін талқылағанын хабарланған болатын. Кейін Трамп қызметіне кіріскеннен кейін, елде әлеуетті тыйым салудан TikTok-қа 90 күндік мерзім беруі мүмкін екенін мәлімдеді. Бірақ сарапшылар бұл шешім дүйсенбіде қабылданса да, кеш болуы мүмкін екенін, себебі талаптарды орындаудың соңғы мерзімі жексенбі екенін ескерткен. Сондай-ақ, АҚШ-та Трамптың инаугурациясынан кейін мигранттарға қарсы рейдтер басталмақ.


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Янник Синнер

Хавбек "Пари НН" Калинский: Синнер - адекватный парень, одобряю выбор сестры






Москва выдала гранты на патенты более двух тысяч инновационных решений

Дотанцеваться до ранней беременности: могут ли школьные дискотеки повысить демографию

"Задержание сотрудников "Роснано": Власти демонстрируют силу - политолог

В Нью-Йорке неизвестные угнали поезд метро и попали на видео