ҰҚК Астана мен Қосшыда тұтқындау шараларын жүргізді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанның төрт азаматын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Биыл 22 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астанада және Ақмола облысының Қосшы қаласында прокуратура органдарының үйлестіруімен 4 Қазақстан азаматын ұстады.
"Олар терроризмді насихаттады, экстремистік әрекетке қатысты және ұйымдастырды, сондай-ақ жаңа жақтастарды тартты деп күдікке ілінген. Тінту барысында тұрғын үйлерінен діни материалдар мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді", - делінген хабарламада.
Суреттер: ҰҚК баспасөз қызметіненҚазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 256, 259 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!