Қазақстанда мемлекеттік сайттар ашылмай қалды
24 қаңтарда eGov.kz және gov.kz сайттарында ақау пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл сайттарға кіру кезінде беттер жүктелмей тұр.
АО "Ұлттық ақпараттық технологиялар" баспасөз қызметі кейінірек ақпарат беруге уәде етті.
Gov.kz – министрліктер мен әкімдіктердің мәліметтері, сондай-ақ олардың жұмысы туралы жаңалықтар жарияланатын сайт.eGov.kz – электронды үкіметтің сайты.
Осындай мәселе былтыр наурызда да туындаған болатын. Ол кезде порталдардың жүктелуіндегі қиындықтарды жүйенің қысқа мерзімді жаңартылуымен түсіндірген еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!