Қазақстанда доллар бағамы 4 теңгеге арзандады
Доллардың 24 қаңтардағы бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 517,84 теңге болып, 4,35 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, Ұлттық банктің 24 қаңтарға бекіткен ресми бағамы - 522,42 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде долларды орташа сатып алу бағамы 519,32 теңге, ал сату бағамы – 522,20 теңге. Астанада американдық валютаны орташа есеппен 518,17 теңгеге сатып алып, 522,71 теңгеге сатып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!