Оқу орнында ақша бопсалаған. Ақтөбеде бір топ студенттер ұсталды
Бұл туралы туралы Polisia.kz Telegram-арнасы хабарлады.
"Ақтөбе оқу орындарының бірінің үш студенті ұсталды. Олар 18 жастағы екі жәбірленушіні қорқытып, 100 мың теңгеге жуық қаражат бопсалаған" делінген хабарламада.
Бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар кінәсін мойындап, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Полиция оқу орындарындағы қылмыс фактілеріне уақтылы ден қоюдың маңыздылығына мән беріп, жастар арасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырды" деп қосты полиция.
Еске салайық, бұған дейін Қостанайда қоғамдық көлікте болған жанжалға күдіктіні полиция ұстағанын жазған едік.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!