Қазақстанда тағы бірнеше жол учаскесін ақылы ету жоспарланып отыр
Елдегі тасжолдың тағы бірнеше учаскесін ақылы ету жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұйрықтың жобасы жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланған, оларға сәйкес келесі учаскелерді ақылы ету жоспарланып отыр:
Балқаш - Бурылбайтал;
Ақтау - Бейнеу;Қандыағаш - Мақат;Қостанай - Денисовка;
Таразды айналып өтетін жол;Үшарал - Достық;
Шу - Бурылбайтал.
Бұйрықтың жобасы "Ашық НҚА" порталында 4 ақпанға дейін қолжетімді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда тағы бір жол ақылы болатыны хабарланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!