Қазақстанда дропперлер ұяшығы жойылды
Алматы облысында заңсыз табылған ақшаны криптовалютаға айналдырумен айналысқан ұйымдасқан дропперлер тобының әрекеті тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу барысында дропперлер, жетекшілер мен схеманың менеджерлерін қоса алғанда, 20-дан астам қатысы бар тұлға анықталды.
"Әрбір қатысушы 5-тен 7-ге дейінгі банк шоттарын пайдаланып, әр транзакциядан 1-ден 3 пайызға дейін пайда көрген. Жаңа дропперлерді тарту Telegram-арналар арқылы жүзеге асырылған. Жедел іс-шаралар нәтижесінде 8 миллион теңгеден астам қаражаттың қозғалысы тоқтатылды, сондай-ақ схеманы ұйымдастырушының ай сайынғы айналымы 100 миллион теңгеден асатын криптоәмияны анықталды. Қазіргі уақытта банктерден қаржылық операциялар туралы ақпарат алу үшін санкцияланған сұраулар жолданды. Анықталған активтерді тәркілеу мәселесі қарастырылып жатыр", – деп хабарлады полиция.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында үш кураторды, бір менеджерді және үш дропперлер үйлестірушісін қоса алғанда, жеті адам ұсталды. Олардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Полиция қазақстандықтарды сақ болуға шақырып, бейтаныс адамдардан банк шоттарын тіркеу немесе қаржылық операцияларға қатысу туралы күмәнді ұсыныстардан бас тартуға ескертті.
Мұндай әрекеттер алаяқтық схемаларға қатысу деп танылып, қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Егер сіз осындай әрекеттердің құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға жүгініңіз.
Дроп немесе "ақша мулы" – бұл алаяқтар ұрлаған ақшаны "транзиттік" етуге өз банк картасын пайдалануға келіскен адам. Ол заңсыз алынған ақшаны әртүрлі шоттар арасында аударып, ақырғы мақсатта осы тізбектің ұйымдастырушысына белгілі бір сыйақы үшін қаражатты береді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!