Алматыда ұсталған блогерлер екі айға қамауға алынды
Алматыда ұсталған блогерлер екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Сот қаулысымен адамдарды бопсалады деп күдікке ілінген блогерлерге екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", – деп хабарлады Полиция департаменті редакцияның ресми сұранысына жауап ретінде.
Еске салайық, Алматыда блогерлердің ұсталғаны туралы 23 қаңтарда белгілі болды. Сол кезде олардың жәбірленушінің шағымы бойынша 10 миллион теңге алған кезде ұсталғаны хабарланған еді.
Tengrinews.kz тілшісінің жеке дереккөздерінен ұсталған блогерлер – Дамир Кушеев пен Руслан Каримов екені белгілі болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!