Дикий Арман колонияда тамырын кесуге тырысқан
Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Дикий Арман туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін желіде Арман Жұмагелдиевтің тамырын кесуге әрекет жасағаны туралы ақпарат тараған болатын.
"Сотталған адам өзіне жеңіл жарақат келтірген. Медициналық көмек дереу көрсетілді. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Сотталған адам ерекше бақылауда, онымен мекеме психологтары алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.
Осы факт бойынша қызметтік тексеру тағайындалған.
Еске салайық, 27 қаңтарда сот Арман Жұмагелдиевке 2022 жылғы қаңтар оқиғалары бойынша үкім шығарды.
Сот үкімі бойынша, Жұмагелдиев ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық жасау, бандитизм, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру, адам ұрлау және заңсыз бостандығынан айыру қылмыстары бойынша кінәлі деп танылды. Сот Дикий Арманды 20 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!