Астанада лифтіде пранк жасаған жастар ұсталды
Тұрғын үйлердің біріндегі лифтіде жастар қаруға ұқсайтын затты көрсетіп, жанжал шығарғандай болған, мұны көрген адамдар шошыған.Әлеуметтік желіде тараған видеолардың бірінде азамат Г.А. және оның сыбайласы әуелі сөзге келіспей қалғандай болып, кейін төбелескендей болған.
Осы кезде Г.А. тапаншаға ұқсас затты шығарып, оны лифтідегі адамдарға қаратып, оларды қорқытқан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Гасанов Араш (@gasanov_arash)
Осы факті бойынша пранкті ұйымдастырған тұрғын ұсталып, полицияға жеткізілді. Оның үстінен бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалды және уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Іс материалдары сотқа жіберілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!