Добавить новость
ru24.net
Tengrinews.kz
Февраль
2025
1 2 3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Түркістанда білім мен ғылым, туризм салаларын дамыту бағатындағы жобалар пысықталды

0
Түркістан облысында білім саласын дамыту, Түркістан қаласын түркі әлемінің орталығына айналдыру бағытында жүйелі жұмыс атқарылып жатыр. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров осы жұмыстарды жалғастыру жолдарын талқылау мақсатында Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Үкіметаралық Өкілетті Кеңес төрағасы Мухитдин Шимшек пен аталған университет ректоры Жанар Темірбекованы қабылдады. Толығырақ Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Түркістан облысында білім мен ғылым, туризм саласын дамытуға бағытталған кешенді шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр. Өңірде мектепке дейінгі, орта, техникалық және жоғары білім беру сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы жолда атқарылып жатқан жұмыстар ретті де жетерлік. Осындай тақырыптардың бірін талқылау үшін Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Үкіметаралық өкілетті кеңес төрағасы Мухитдин Шимшек пен аталған университет ректоры Жанар Темірбекованы қабылдады.

Кездесуде университет пен Түркістан облысы әкімдігі арасындағы ынтымақтастықты тереңдете түсу, жаңа жобаларды жүзеге асыру жоспарлары талқыланды.
Мухитдин Шимшек Түркістанды туризм орталығына айналдыру, Түркістанда Түркология саласындағы ғылыми-зерттеу орталығының ғимаратын салу, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін инклюзивті білім беру орталығын ашу жөнінде ұсыныстарын білдірді. Жылына 8 миллион зияратшы мен турист келетін Конья қаласының тәжірибесін енгізу мәселесі де сөз болды.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров "Жұмысшы мамандықтары жылы" аясында жаңа жобаларды бастау, техникалық мамандық иелерін даярлау бойынша бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Облыс әкімінің айтуынша, бүгінде өңірде өндіріс орындары ашылып жатыр. Соларға лайықты мамандар қажет.


"Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Түркістанды дамытуға оң серпін бергенін білеміз. Осы оқу ордасынан түлеп ұшқан түлектер елімізді, өңірімізді дамытуға үлес қосып келеді. Аймақты дамытудағы серіктесіміз десек, қателеспейміз. Бүгінде өңірде "Шағын өнеркәсіптік парк" жобасы арқылы өндіріс орындары ашылып жатыр. Соларға лайықты мамандар қажет. Университетте аймақтағы өндіріс орындарына қажетті жұмысшылар мен мамандарды даярлайтын бөлімдер ашып, гранттарды бағыттау маңызды. Білім, туризм және өзге де бағыттар бойынша айтылған ұсыныстарды назарға аламыз, әріптестікті нығайта береміз", – деді Нұралхан Көшеров.


Айта кетейік, казіргі таңда техникалық мамандықтарға сұраныс артып келеді. Өнеркәсіп, құрылыс, көлік, ақпараттық технологиялар және басқа да салаларда білікті жұмысшылар қажет. Сондықтан техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту – басты басымдықтардың бірі. Техникалық мамандықтарға бағытталған осындай шаралар өңірдің экономикасын дамытуға және жастардың жұмыспен қамтылуын арттыруға көмектеседі.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
ATP

Российский теннисист Андрей Рублев проиграл 102-й ракетке мира и не прошел в финал турнира ATP в Монпелье






«Дети леса» в кино: мир тайн и приключений открываем с Детским радио

Экс-вторая ракетка мира возвращается в теннис

Цифровые городские услуги для бизнеса становятся все популярнее

С начала 2025 года смерть забрала десятки актеров России