Добавить новость
ru24.net
Tengrinews.kz
Февраль
2025
1 2 3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Түркістан: колледждер мен кәсіпорын басшыларына мамандарды бірлесе даярлау бастамасы ұсынылады

0
Мемлекет басшысы биылғы "Жұмысшы мамандықтар жылында" еңбек адамдарының имиджін ілгерілетумен қатар, маман даярлау ісіне басымдық беруді тапсырды. Осыған орай Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен маңызды жиын өтті. Толығырақ Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оған ҚР Оқу-ағарту министрлігінің жауапты өкілдері, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылхан Ибадуллаев, Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова, өңірдің кәсіпкерлері, кәсіпорындардың басшылары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жетекшілері, бизнес қауымдастығының мүшелері онлайн-офлайн форматта қатысты.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары білім беру мен өндіріс саласындағы серіктестік пен байланысты одан әрі нығайту қажет екенін айтты. Бейсенбай Тәжібаевтың айтыуынша, сонда ғана тәжірибе алмасуға бейім кадрлар арқылы бірнеше мәселені шеше аламыз. Сондай-ақ ол проблемаларды жасырмай ашық талқылауға және ұсыныстарды ескеруге әрдайым дайын екендерін ескертті.


"Президенттің игілікті бастамасын іске асыру жолында әрбіріңіздің рөлдеріңіз ерекше. Бұған дейін ынтымақтастықпен жұмыс атқарып келдік. Білім беру мен өндіріс саласындағы серіктестік пен байланысты одан әрі нығайту қажет. Сонда ғана сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті, жаңа технологияларды меңгерген, тәжірибе алмасуға бейім кадрлар арқылы бірнеше мәселені шеше аламыз. Мамандарды тәжірибе алмасуға жолдап ғана қоймай, тұрақты жұмысқа орналасуына дейін бірлесіп жұмыс жүргізу керек. Жастардың талабын, ынтасын ояту үшін дуалдық оқыту жүйесін дамыту өзекті болып отыр. Студенттер теориялық біліммен шектелмей, өндірістік тәжірибе алып, сол өндіріс орындарына жұмысқа орналасулары тиіс. Қазіргі таңда кәсіпорындардың колледжерге қамқорлық көрсетуі деген ұғым пайда болып отыр. Өзіне қажетті мамандарды даярлауға көмектеседі. Бұдан бөлек электронды еңбек биржасының мүмкіндігін ұтымды пайдаланыңыздар. Проблемаларды жасырмай ашық талқылауға және ұсыныстарды ескеруге әрдайым дайын екенімізді ескерткім келеді", – деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Дәулетұлы.

Жиында Айгүл Ерғалиқызы "Жұмысшы мамандықтар жылын" өткізу және жаңа мамандарды даярлау жүйесі бойынша атқарылатын жұмыстар мен жоспарларды таныстырды. Ал "Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжі" МКҚК директоры Айдос Апбазов "Еңбек нарығы және кәсіптік білім: жаңа мүмкіндіктер" тақырыбында сөз алып, пікірін жеткізді. Сонымен қатар кәсіпорын жетекшілері де үлес қосуға ынталы екендерін білдіріп, пікір алмасты.

Өңірде өндіріс орындарына қажетті нақты мамандықтарды анықтап, соған сай жұмыс жүргізу көзделіп отыр. Аймақта ашылып жатқан зауыттарда жергілікті жастар жұмыспен қамтылуы қажет.
Мәжіліс соңында облыс әкімінің орынбасары кәсіпкерлер мен колледж басшыларын көтерілген мәселелерге белсене араласып, жанашырлықпен жұмыс істеуге шақырды.


Айта кетейік, Мемлекет басшысының биылғы жылды "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп белгілеуі еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға үлкен серпін бермек. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының беделін арттырумен қатар, жастарды осы салаға тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ашпақ.
Сонымен қатар, еңбек нарығында сұранысқа ие кадрларды даярлау сапасын жақсартып, олардың тұрақты жұмысқа орналасуына жол ашады. Үкімет осы мақсатта түрлі бағдарламалар әзірлеп, дуальды оқыту жүйесін кеңейтуді көздеп отыр. Бұл өз кезегінде өндіріс орындарының білікті мамандармен қамтамасыз етілуіне және ел экономикасының тұрақты дамуына ықпал ететін маңызды қадам болып табылады.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Даниил Медведев

Теннисист Медведев прекратил сотрудничество со своим тренером Симоном






Горка для ватрушек в Лужниках закрылась до будущей зимы из-за аномального тепла

Под Красноярском отцу погибших от отравления детей предъявили обвинение

Юрий Истомин, Известный по Работе над «Колымой», Выпускает Личный Музыкальный Проект

Ведущая Довлатова: меры безопасности в московском ЖК «Алые паруса» ослабли