Қызметкер жұмысқа кешігіп келсе, жұмыс беруші айыппұл сала ала ма?
Қызметкер әртүрлі жағдайға байланысты жұмысқа кешігіп қалуы мүмкін. Мұндай кезде кейбір жұмыс берушілер қызметкерге айыппұл салып, айлығынан ұстап қалып жатады. Оның бұл әрекеті қаншалық заңды? Massaget.kz тілшісі адвокат Альбина Бахтиярқызынан сұрады.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Маманның айтуынша, заң бойынша жұмыс берушінің айыппұл салуға құқығы жоқ.ҚР Еңбек кодексінің 64-бабына сәйкес жұмыс берушіге қызметкердің жұмыс сапасы ұнамаса немесе сәйкес келмесе, тек тәртіптік жаза қолдана алады. Олар:
Ескерту;
Сөгіс;Қатаң сөгіс.
Ал жалақыдан айыппұлды заңсыз ұстап қалу еңбек заңнамасын бұзу саналады.
"Яғни Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші қызметкерді ақшалай айыппұлмен жазалай алмайды. Мұндай жағдайларда қызметкер құқығын қорғау үшін еңбек инспекциясына шағым түсіре алады", - деді ол.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.