“Аты-жөнін беріңіздер“ - министр субсидиялар бойынша қарыздар туралы
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтан қазақстандық фермерлердің субсидия бойынша қарызы туралы сұралды. Бұл сұрақ бүгін үкімет отырысынан кейінгі брифингте қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сапаровтың айтуынша, "үкімет бұл мәселелерді шешіп жатыр".
"Маған фермердің аты-жөнін беріңіздер: қай өңірде, кім бұл мәселемен айналыспай жатқанын анықтаймыз. Біз, керісінше, тек қолдау көрсетеміз. Осының арқасында ауыл шаруашылығы дамып келеді, қаншалықты қиын болса да", – деді министр.
Сонымен қатар, журналистер фермерлердің "өздерін асырауға да шамалары келмей жатқаны" туралы шағымдарына пікір білдіруді сұрады. Кейбіреулер тіпті Ауыл шаруашылығы министрлігі "саланы құртуға тырысып жатқанын" айтады.
"Қай шаруашылық туралы айтып отырсыздар? Біз қандай шаруашылықты құртып жатырмыз? Ауыл шаруашылығы министрлігі тек қолдау көрсетеді, бағдарламалар әзірлейді, оларды жетілдіреді, мемлекеттік қолдауды арттырады. Кім? Егер ол нағыз шаруашылық иесі болса, бірақ өз ісімен айналыспаса, онда оны анықтайық", – деп жауап берді Сапаров.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!