Неге Қазақстанда Финляндия мен Францияға қарағанда жұмыссыздар аз? Еңбек министрлігі жауабы
Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі неге Финляндия мен Францияға қарағанда төмен? Бұл сұраққа Еңбек министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Азиз Ибрагимов жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ресми мәліметтерге сәйкес, Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 5 пайыздан төмен. ОҚК-да өткен брифингте журналистер Финляндия немесе Францияда жұмыссыздық деңгейі 8 пайыздан жоғары, неге Қазақстанда 4,6 пайыз екенін сұрады.
"Бұл елдерде мемлекеттік органдар нашар жұмыс істей ме, әлде бізде есептеу әдісі басқаша ма?" – деген сұрақ қойылды.
Азиз Ибрагимовтың айтуынша, Қазақстанда жұмыссыздарды есепке алуды Ұлттық статистика бюросы таңдаулы зерттеу арқылы жүргізеді.
"Мұнда маңызды нәрсе – тіркелген жұмыссыздық пен тіркелмеген жұмыссыздық деген ұғымдар бар. Бірі – жұмыспен қамту орталықтарына барып тіркелген адамдар, екіншісі – ресми тіркелмеген, бірақ жұмыссыз жүрген азаматтар. Сондықтан бұл мәселе әр ел қолданатын әдіснамаға байланысты", – деді Ибрагимов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!