Тоқаев Түркістанның ерекше мәртебесін бекітті
Мемлекет басшысы "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген.Құжатта:
тарихи-мәдени мұраны сақтау – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау;археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу;тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу;қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау;археологиялық ескерткіштердің резерватын құру;мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру арқылы қалада жайлы орта қалыптастыру;қаланың бірыңғай келбетін – сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу;тиімді басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігін кеңейту;мемлекет тарапынан қолөнер шеберлерін қолдау мен көлік транзитін реттеу;туризмді дамыту және тұрмыс сапасын арттырумен қатар қаланың тарихи ерекшелігін сақтау қарастырылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!