Добавить новость
ru24.net
Tengrinews.kz
Март
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Алматы әуежайындағы оқиға: үш қылмыстық іс қозғалды

0

Ішкі істер министрлігі Алматы әуежайындағы оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қолына пышақ ұстаған ер адам әуежай қызметкерін кепілге алып, сөмкесінде "бомба" бар деп жолаушыларды қорқытқан.
Бұл дерек бойынша үш қылмыстық іс қозғалды:

Кепілге алу (ҚР ҚК-нің 261-бабы 2-бөлігі 4-тармағы) бойынша мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық (ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі) бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау (ҚР ҚК-нің 273-бабы) бойынша 5 000 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Ведомство мәліметінше, оқиғаның мән-жайын тексеру үшін жедел тергеу тобы құрылған. Зардап шеккендер жоқ.

Тосын оқиға туралы не белгілі?
7 наурызда Алматы әуежайында қолында суық қаруы бар ер адам қызметкерді кепілге алды. Желіде әуежайда түсірілген видео тарады. Кадрлардан қолында пышағы бар ер адам қыздың шашынан ұстап алғанын байқауға болады. Оқиға ішкі терминалда болған.
Әуежайдың баспасөз қызметі мәліметінше, ер адам өзін жолаушы ретінде көрсетіп, рейс алдындағы қауіпсіздік аймағына жақындаған. Қызметкерлер одан құжатын сұраған кезде ол қызметкерді пышақпен қорқытқан. 7 минуттан кейін шабуылдаушы ұсталды. Ол қамауға алынды.
Артынша Президент Алматы әуежайындағы оқиғаға қатысты батыл азаматты марапаттауды тапсырды.
Әуежайда кепілге алынған адамды құтқарған Мұса Әбдірайым "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
ATP

Индиан-Уэллс (ATP). 3-й круг. Медведев сыграет с Микельсеном, Хачанов – с Шелтоном, Алькарас – с Шаповаловым, Циципас – с Берреттини






Певец SHAMAN назвал Екатерину Мизулину своей девушкой на концерте в Москве

ПО ПРОСЬБАМ ЧИТАТЕЛЕЙ

SHAMAN и Мизулина объявили, что они встречаются, и поцеловались на сцене

"Мы встречаемся": SHAMAN назвал Екатерину Мизулину своей парой