Астанада үш қабатты ғимарат өртенді
Астанада үш қабатты ғимаратта өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт Байқоңыр ауданында шыққан.Өртті сөндіру үшін 3 жауынгерлік учаске құрылып, 19 техника мен 90 адам жұмылдырылды.
"ТЖМ күштерімен өрт толықтай сөндірілді, жалпы ауданы 300 шаршы метр болған. Нақты мәлімет бойынша, 3-қабаттағы сөрелер мен төбе жанған, сондай-ақ жалын 2-қабаттағы баспалдақ алаңына өткен. Зардап шеккендер жоқ", – делінген хабарламада.
ТЖМ оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!