Добавить новость
ru24.net
Tengrinews.kz
Март
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Алматыда Жириновскийге ескерткіш орнатыла ма? Әкімдік пікір білдірді

0

Алматы әкімдігі қалада ресейлік саясаткер Владимир Жириновскийге ескерткіш ашылуы мүмкін деген ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін ресейлік БАҚ Алматыда марқұм Владимир Жириновскийге ескерткіш ашылатынын жазды. РЛДП құрылтайшысына арналған ескерткіш 2026 жылы Ресей Федерациясының бірнеше қаласында ашылуы мүмкін екені де хабарланды.
Алматының Мәдениет басқармасы өкілдері Жириновскийге ескерткіш орнату туралы өтініш түспегенін мәлімдеді.

"Алматы қаласының тарихи және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссиясы мұндай ұсынысты қарастырған жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Владимир Жириновский 1946 жылы 25 сәуірде Алматыда көпбалалы отбасында дүниеге келген. Ломоносов атындағы ММУ Шығыс тілдері факультетін Түрік тілі және әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Сонымен қатар, Марксизм-ленинизм университетінде халықаралық қатынастар факультетінде оқыды.
Жириновский Ресей Федерациясы Федералды жиналысы Мемлекеттік думасының депутаты болды.
Саясаткер Қазақстан туралы мәлімдемесімен де есте қалды. 2014 жылы Жириновский Қазақстан, оған қоса Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан Ресейге қосылып, оның Орталық Азиядағы федералды округі болуы керек деп мәлімдеді.
Ресейлік саясаткер 2022 жылғы 6 сәуірде қайтыс болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
WTA

Самсонова одержала победу над Касаткиной на турнире WTA 1000






Ananda представляет MIRA VALLEY: проект элитного жилого комплекса стоимостью 1,4 миллиарда долларов в скрытой долине Пхукета, расположенный на 8000 акрах нетронутого леса.

Чит-коды в Standoff 2 – что это такое и вредны ли они?

III Международный фестиваль детского кино «Хрустальный ИсточникЪ» пройдет в Ессентуках летом 2025 года

Репатриация в Израиль