Шенеунік электр энергиясының тарифін көтергені үшін пара алған
Жетісу облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шенеунік 2025 жылға арналған электр энергиясының тарифі мен тарифтік сметасын көтергені үшін "Талдықорған акционерлік көлік-электржелілік компаниясы" АҚ басшысынан 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.
Антикор мәліметінше, тергеу жалғасып жатыр.Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!