Добавить новость
ru24.net
Tengrinews.kz
Март
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

“Сәлім енді оянбайды“: алаяқтар балабақша тәрбиешісінің телефонын бұзып алған

0

Көкшетауда алаяқтар тәрбиешінің телефонын бұзып, балабақшадағы балалардың бірінің анасын қорқытқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Көкшетау тұрғыны балабақша тәрбиешісіне ұлы ұйқыдан тұрғаннан кейін ертерек алып кететінін жазған. Алайда жауап ретінде жантүршігерлік хабарлама алған: "Ұлыңыз енді оянбайды."

"Әлі де өз-өзіме келе алмай отырмын... Мен тәрбиешіге Сәлімді балабақшадан ертерек алып кеткім келетінін жаздым. Сол сәтте не сезінгенімді білсеңіздер ғой... Көлікте кіші ұлым болған еді, мен оны сыртқа шығарып жібердім. Содан кейін айқайлап, балабақша директорына қоңырау шала бастадым", – дейді баланың анасы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған видеода.

Әйелдің айтуынша, тәрбиешінің телефонын бұзған белгісіз адамдар басқа ата-аналарға да үрей тудыратын хабарламалар жіберген.

Ақмола облыстық Полиция департаменті бұл жайт бойынша әзірге ресми арыз түспегенін, бірақ жарияланған ақпарат тексеріліп жатқанын хабарлады.
Сонымен қатар, 14 наурызда балабақша тәрбиешісі WhatsApp мессенджерінің бұзылғаны туралы арыз бергені белгілі болды. Бұл дерек Көкшетау полициясында тіркеліп, тексеріс жүргізіліп жатыр.

"Жарияланымда көрсетілген деректер тексеріліп жатыр, егер расталса, тиісті шаралар қабылданады. Сонымен қатар, 2025 жылғы 14 наурызда Көкшетау қаласындағы балабақшалардың бірінің тәрбиешісі WhatsApp мессенджерінің бұзылуы туралы арыз берген. Бұл арыз Көкшетау қалалық Полиция басқармасының ақпараттарды есепке алу кітабына тіркелді. Қазіргі уақытта осы мәселеге байланысты тексеріс жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісіне Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
WTA

Анастасия Павлюченкова потерпела поражение на старте турнира WTA-1000 в Майами






VK Fest 2025 объявил имена артистов, которые выступят в разных городах России

«Тайна в ее глазах»: готовимся к премьере с Like FM

На старт: "Ростелеком" предлагает пройти цифровой тест-драйв

Сколько нужно накопить к 50 годам, чтобы комфортно жить на пенсии: эксперты сделали расчеты