Добавить новость
ru24.net
Tengrinews.kz
Март
2025

Мыңдаған ақбөкеннің өлексесі: Экология министрлігі видеоға қатысты пікір білдірді

0
Желіде ақбөкендердің өлексесі түсірілген видео тарап жатыр. Кадрларға қатысты Экология министрлігі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, ең көп жағдай ақбөкендердің табиғи мекендеу ортасында байқалған: Ұлытау, Қарағанды, Қызылорда, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында.

"Ақбөкендердің биологиясы мен өмірлік циклін ескере отырып, бұл жағдайлар табиғи өлім-жітімге байланысты", – деп мәлімдеді Экология министрлігі.

Мамандандырылған ведомство мәліметінше, қолданыстағы алгоритмге сәйкес жануарлардың өлекселері жойылуы керек.

"Жұмыстарды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық және ведомстволық бөлімшелері әкімдіктер, ветеринарлық қызмет, полиция және ТЖМ қызметкерлерімен бірлесіп жүргізіп жатыр. Барлығы 150-ден астам адам жұмылдырылды. 51 техника тартылды. Жыл басынан бері 5,2 мыңнан астам өлексе жойылды", – деп хабарлады министрлік.

Зоология институтының териология зертханасының меңгерушісі А. Грачевтің айтуынша, қалыпты жағдайда барлық жас топтарындағы ақбөкендердің табиғи өлім-жітімі жылына шамамен 20 пайыз болады. Сонымен қатар, аталықтарының жартысына жуығы өліп кетуі мүмкін.

"Ақбөкен – өмір сүру ұзақтығы қысқа және көбею қарқыны жоғары дала жануары. Қатал қыстарда аөбөкендердің саны 40-50 пайызға дейін азаюы мүмкін. Қыста жануарлар қалың қар жауған кезде және жайылым шектелгенде, май қорын жоғалтады. Қазақстанның шөл және шөлейт аймақтарында мұндай табиғи құбылыстар жиі кездеседі, бұл әлсіреген кейбір ақбөкендердің қырылуына алып келеді", – деді Экология министрлігі маманның сөзін келтіре отырып.


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Андрей Рублёв

Рублев победил де Йонга и вышел во второй круг турнира в Барселоне






Лавров указал на понимание у РФ и США по возобновлению работы посольств

Поломка самолета стала причиной отмены рейса из Москвы в Новый Уренгой

На МКАД произошло два ДТП на 47-м и 49-м километре

Ветеран челябинского СОБР Росгвардии передал гуманитарную помощь участникам СВО