Алматыда жастар арасындағы төбелес видеоға түсіп қалды
Алматыда жастар арасындағы жанжал видеоға түсіп қалды. Оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Tengrinews.kz редакциясына оқырман жіберген видеода бір қыз бен жігіт жанжалдасып жатқан сәт бейнеленген. Төбелестің нақты себебі белгісіз. Жанжал 12 сәуірге қараған түні Алматы арбатында болған.
Жігіт қызды бірнеше рет беті мен басынан ұрған. Осыдан кейін жігітті бір адам тоқтатып, шетке алып кетеді. Қыз шегініп, басын ұстап кетіп қалады. Жанындағылар оған көмектесуге тырысқан.
Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факт бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
"Оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр. Кінәлі адам міндетті түрде ұсталып, жауапкершілікке тартылады", – деді ПД өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!