Әлі басталған жоқ: Алматы - Ыстықкөл жолы салынатын болды ма?
Алматыдан Шолпан-Атаға (Қырғызстандағы Ыстықкөл жағасындағы қала) дейінгі жаңа қысқа жолдың әңгімесі жалғасты. Tengri Auto жобаның қазіргі жай-күйін Көлік министрлігінен білді.
Алматы – Шолпан-Ата бағытындағы қысқа жол жобасы бірнеше жылдан бері талқыланып келеді. Қазіргі уақытта не белгілі, ретімен ұсынамыз.
Еске салайық, бұл идея Алматыдан Ыстықкөлге дейінгі ұзақ жолды қысқарту мақсатында пайда болған. Қазіргі маршрут Қордай мен Бішкек арқылы өтеді және шамамен 485 шақырым болады.
Жаңа маршрут Ұзынағаш пен Кечи-Кемин арқылы өтіп, жалпы ұзындығы шамамен 70-80 шақырым болады деп жоспарланып отыр, оның 6 шақырымы Қырғызстан аумағынан өтеді.
2024 жылғы маусымда (жоба жоспарлау деңгейінде екі жыл болған кезде) Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері бұл жобаны бірлесіп жүзеге асыру идеясын қарастыра бастағаны хабарланған еді. Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) механизмі арқылы, яғни жеке инвесторларды тарту арқылы жүзеге асырылуы мүмкін деп қарастырылды.
Бұл ақпараттан кейін 7 ай өтсе де, жоба әлі де талқылау кезеңінде болды. Ол кезде жолдың нақты параметрлері немесе құрылыс мерзімі туралы мәліметтер болмағанымен, жобаға деген қызығушылық сақталған.
2025 жылғы 1 сәуірдегі ресми жауапқа сәйкес, Көлік министрлігі бұл жобаға қатысты техникалық-экономикалық негіздемені (ТЭН) әзірлеуді жалғастырып жатыр. Бұл жұмыспен жүзеге асыруға грант бөлген Азия даму банкі айналысып жатыр
Жай сөзбен айтқанда, мамандар қазіргі уақытта мыналарды зерттеп жатыр:
жол нақты қай жермен өтеді;
оның құны қанша болады;
бұл жолмен қанша көлік жүреді;
жобаға салынған қаражатты қалай қайтаруға болады.
Техникалық-экономикалық негіздеме дайын болған соң, бұл жолды салудың мәні бар ма, жоқ па – анық болады. Ал әзірге тараптар, Қазақстан мен Қырғызстан бұл жобаны қалай бірлесе жүзеге асыратынын реттейтін құқықтық мәселелерді талқылап жатыр.