Жетісайлық диқандар алғашқы өнімді Ресейге экспорттап жатыр. Аудан аумағындағы 4 мың гектар жерге қарбыз еккен шаруалар биыл мол өнім аламыз деп жоспарлап отыр. Атамекен ауылдық округіндегі «Павел» шаруа қожалығы 9 гектар егістікке 20 жылдан бері бақша дақылдарын егіп келеді. Фото: Жетісай ауданы әкімдігі Биылғы жылы да мұндағы диқандар қарбыздың ерекше күтімді қажет ететін «Виктория» сортын […]
Жетісайлық диқандар алғашқы өнімді Ресейге экспорттап жатыр. Аудан аумағындағы 4 мың гектар жерге қарбыз еккен шаруалар биыл мол өнім аламыз деп жоспарлап отыр.
Атамекен ауылдық округіндегі «Павел» шаруа қожалығы 9 гектар егістікке 20 жылдан бері бақша дақылдарын егіп келеді.
Фото: Жетісай ауданы әкімдігі
Биылғы жылы да мұндағы диқандар қарбыздың ерекше күтімді қажет ететін «Виктория» сортын сәуір айының басында еккен болатын. Қажетті агротехникалық шаралардың дер кезінде жасалуының нәтижесінде пісіп жетілген қарбыздан мол өнім алынады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, ағын суды үнемдеу мақсатында енгізілген тамшылатып суғару әдісі өнімнің артуына да септігін тигізіп отыр.
Фото: Жетісай ауданы әкімдігі
«Алғашқы өнімді қазір Ресейге жіберіп жатырмыз. Кейін сұранысқа қарай өзге де өңірлерге жібереміз. Жылдағыдан шығын көп болғанымен бағасы да жоғары болып тұр. Қазір келісін 150-170 теңге аралығында сатып жатырмыз. Тамшылатып суғару әдісін қолданатындықтан ағын судан, минералды тыңайтқыштардан қиындық көрмедік. Өнімділік те ойдағыдай», — деді шаруа қожалық төрағасы Асан Мубинов.
Фото: Жетісай ауданы әкімдігі
Жетісайлық шаруалар биылғы жылы 79,3 мың гектар суармалы жердің 40,8 мың гектарына мақта шитін сепсе, 20,1 мың гектар жерге бақша, 7,2 мың гектар жерге дәндік жүгері, 3,3 мың га жерге көкөніс пен 6,3 мың гектар жерге жоңышқа дақылын еккен.
Фото: Жетісай ауданы әкімдігі
«Аудандағы 20,1 мың гектарға егілген бақша дақылдарының 4 мың гектары қарбыз. Биылғы жылы 600 мың тоннадан астам бақша өнімдері жиналады деп жоспарланып отыр. Былтырғы жылы да бақша дақылдарынан жоғары деңгейде өнім алынып, облыста үздіктердің қатарынан көрінгенбіз», — деді аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұртас Тұрсынбеков.
There is an early power up in Elden Ring: Shadow of the Erdtree that basically turns the game into Sekiro, but the description is so vague I didn't realize how good it was until 40 hours later
Model viewer forensics reveal that Elden Ring: Shadow of the Erdtree's Dancing Lion boss is actually two little guys piloting it around
Dustborn let me smash fascists and flirt with my situationship on a road trip across America
Гайд и тактика по подземелью «Лагерь Карлиан» в Tarisland
Филиал № 4 ОСФР по Москве и Московской области информирует:
В Московском регионе более 62 тысяч семей распорядились материнским капиталом через банки
Филиал № 4 ОСФР по Москве и Московской области информирует:
Более 12 тысяч жителей Москвы и Московской области получают повышенную пенсию за работу в сельском хозяйстве
АНДРЕЙ БЕЛОУСОВ И "СВЯТОЙ ЛЕНИН" ОТКЛЮЧАЮТ НАСТОЯЩИХ ПИРАТОВ?!
ФоРГО: лидерами по экономическому потенциалу в России стали Москва и ХМАО
"Спартак" хочет приобрести мексиканского форварда "Фейеноорда" Хименеса
Команда Сервисного локомотивного депо «Сольвычегодск» филиала «Северный» ООО «ЛокоТех-Сервис» стала победителем эстафеты ГТО железнодорожных игр «Мы вместе»
В разрезе добыли аресты // Ликвидатору шахт и подрядчику инкриминируют мошенничество с бюджетными деньгами