Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында жазғы демалыс мерзімі басталған шақта ойын-сауық орындарында және тұрғын үй-жайлардан тыс жерлерде жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау, олардың алкогольдік, темекі және өзге де тыйым салынған заттар мен сусындарды тұтынуы, сондай-ақ оларға алкогольдік және темекі бұйымдарын заңсыз сатуға қатысты мақсатқа бағытталған профилактикалық жұмыстар жандандырылды. […]
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында жазғы демалыс мерзімі басталған шақта ойын-сауық орындарында және тұрғын үй-жайлардан тыс жерлерде жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау, олардың алкогольдік, темекі және өзге де тыйым салынған заттар мен сусындарды тұтынуы, сондай-ақ оларға алкогольдік және темекі бұйымдарын заңсыз сатуға қатысты мақсатқа бағытталған профилактикалық жұмыстар жандандырылды.
Рейдтік іс-шаралар жүргізілген 4 тәулікте полицейлер кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуының 196 дерегін тіркеді, сондай- ақ ойын-сауық орындарында болған 11 жасөспірім анықталды. Бұл бұзушылықтар үшін олардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Кәмелетке толмағандарды ойын-сауық орындарына жібергені үшін кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 6 хаттама толтырылды. Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған ұсақ бұзақылықтың 2 дерегі анықталды.
Сонымен қатар заңды өкілдер тарапынан міндеттерін тиісінше орындамаудың 18 дерегі, сондай-ақ ересектерге қатысты 83 өзге де түрлі құқық бұзушылық дерегі анықталды.
-Көптеген заңды өкілдер ата-аналардың балаларының бос уақыты мен өз ортасындағы байланыстарына тиісті назар аудармауы кәмелетке толмағандардың заңсыз ортаға тартылуына әкелуі мүмкін екендігін ескермейді. Егер тұтастай алғанда отбасы мен жалпы қоғам тарапынан қалыптастырылған құқықтық сана болмаса, полицейлер жүргізген көптеген түсіндірме жұмыстары, дәрістер және басқа да алдын алу шаралары тиісті нәтиже бермейді, — деп хабарлады Жамбыл облысының ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Қалышев.
Филиал № 4 ОСФР по Москве и Московской области информирует:
Более 12 тысяч жителей Москвы и Московской области получают повышенную пенсию за работу в сельском хозяйстве
Филиал № 4 ОСФР по Москве и Московской области информирует:
В Московском регионе более 62 тысяч семей распорядились материнским капиталом через банки
АНДРЕЙ БЕЛОУСОВ И "СВЯТОЙ ЛЕНИН" ОТКЛЮЧАЮТ НАСТОЯЩИХ ПИРАТОВ?!
Корпоративные активности: нужны ли и как влияют на коллектив
Команда Сервисного локомотивного депо «Сольвычегодск» филиала «Северный» ООО «ЛокоТех-Сервис» стала победителем эстафеты ГТО железнодорожных игр «Мы вместе»
Новые портативные ирригаторы Revyline RL 410 Pink появились в продаже с курьерской доставкой по Сочи
Встреча бизнес-клуба Ассоциации текстильщиков в Москве