Қазақстан "QazCovid вакцинасын еріктілерге салуға дайын" екенін мәлімдеді
Дәрілер мен медициналық сараптау ұлттық орталығы "коронавирусқа қарсы қазақстандық QazCovid-in®️ вакцинасының клиникаға дейінгі зерттеуі" аяқталғанын мәлімдеді. Бұл мәлімдеме орталықтың ресми сайтында жарияланды. Орталық "жануарларға вакцинаның күшейтілген дозасы салынып, оның қауіпсіздігі мен уытты әсері мұқият тексерілгенін" және "ағзаға аллергиялық реакциясының жоқтығы анықталғанын" хабарлады. Вакцина сынағының екінші кезеңін қазанда бастамақ және екпе 200 еріктіге салынады деп жоспарланған. Читать дальше...