ҰҚК бір сарбаздың көз жұмғанын хабарлады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысында бір сарбаз көз жұмғанын хабарлады. Ресми ақпарат бойынша, ҰҚК шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысындағы департаментінде 7 қарашада бір сарбаз көз жұмған. "Алдын ала ақпарат бойынша, өлімге суицид себеп. Полиция органдары Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады" деп жазылған ҰҚК хабарламасында. Марқұмның туысының Азаттыққа айтуынша, 18 жастағы сарбаз сегіз ай бұрын әскери борышын өтеуге кеткен. Читать дальше...