БАҚ: Ресейде Airbus ұшақтарының жартысы жөндеу қиындықтарына байланысты ұшуды тоқтатты
Ресейлік әуе компаниялар елде бар Airbus A320/А321neo ұшақтарының жартысын пайдалануды тоқтатты. Санкцияның салдарынан тасымалдаушылар ұшақ қозғалтқыштарын жөндеуде қиындыққа ұшыраған. Бұл жөнінде "Коммерсант" басылымы жазды. Ресейдегі әуе компаниялары 34 Airbus ұшағынан бас тартқан, ал елде олардың жалпы саны – 66. Лайнерлердің бір бөлігі ресурсты үнемдеу мақсатында сұраныс көбейетін маусымға дейін резервке шығарылған, ал 15-20 борт ұша алмайды деп жазды басылым. Газеттің мәліметінше, қазіргі... Читать дальше...