НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуропалық футбол қауымдастығының одағы (УЕФА) әлем чемпионаты екі жылда бір рет өткізілетін болса, оған қатыспау туралы шешім қабылдауы мүмкін. Бұл туралы одақ президенті Александр Чеферин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Times газетіне сілтеме жасап.