НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда тұрғындары халықты тек өзінің ғана емес, өзгелердің де денсаулығын қорғау үшін жақын арада вакцинациядан өтуге шақырады. Осылайша, ұжымдық иммунитет қалыптасады, бұл карантин мен шектеу шараларынсыз өмірге қайта оралуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.