Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2021

Мирзияев билік партиясының президенттікке үміткер болу туралы ұсынысын қабылдады

0
Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзияев екінші президенттік мерзімге барады. Ол Өзбекстан либерал-демократиялық партиясының президенттікке үміткер болу туралы ұсынысын қабылдады. 


9 қыркүйекте либерал-демократиялық партия съезінде Мирзияев елде реформа жүргізуге уәде берді. Бұған дейін кейбір белсенділер оны президенттіктің бірінші мерзімінде елде елеулі өзгеріс жасай алмады, пікір айту құқығын таптады деп айыптап, сынаған. 


Көп сарапшы Мирзияев 24 қазан күнгі сайлауда төрт оппонентінен еш кедергісіз асып кетеді деп болжайды. Көбі оларды көзбояушылық үшін тіркелген кандидат деп санайды. 


Шавкат Мирзияев бес жылға созылатын екінші мерзімге сайланса, үй шаруаларын жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз ететінін, халықтың жан басына шаққанда табысын 1700-ден 4 мың долларға дейін ұлғайтатынын айтты. Сонымен бірге журналистерге құқықтарын қорғауға көмектесетінін жеткізді.  


Либерал-демократиялық партиясын Мирзияевке дейін елді басқарған Ислам Каримов бірнеше рет қайта сайлануы үшін пайдаланған. 


Орталық Азияда халқы ең көп (35 млн адам) мемлекетті авторитар басшы Ислам Каримов қазасынан кейін басқарып келе жатқан Шавкат Мирзияев өзін реформатор ретінде көрсетуге тырысады. Ол саяси тұтқындарды босатып, Өзбекстан қақпасын көрші елдер мен сыртқы әлемге ашқан. Бірақ көптеген белсенділер елде реформа үстірт жүргізілді деп санайды.




 



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
WTA

Елена Рыбакина взлетела в чемпионской гонке WTA






Сергунина пригласила юных москвичей на творческий конкурс

Прокуратура Московской области направила в суд дело 64-летнего вора в законе

Wildberries открыл продажу автомобилей с пробегом

Новый алгоритм поиска нарушителей чистоты во дворах запустили в Подмосковье