Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2021

Түркіменстанда жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдерді мақта теруге шығарып жатыр

0
Түркіменстанда мақта теру науқаны басталды. Балкан елді-мекенінде жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдерді мәжбүрлі түрде мақта теруге шығарып жатыр. Бұл жөнінде Азаттықтың Түркімен қызметі хабарлады.


Азатлык тілшісінің хабарлауынша, оқушылар мен мұғалімдерді бірнеше күнге мақта алқабының басына алып кеткен.


"Билік мұның білім сапасына кері әсер ететініне бас қатырғысы келмейді. Оларға тек мақтаны толық жинау керек болды. Қазір оның үстіне коронавирустан адам өлімі көп болып жатыр" деген Балкан тұрғыны тілшіге берген сұқбатында.


Тілшінің хабарлауынша, оқушылар мен мұғалімдер күніне әрқайсысы 60 келіден мақта теруі қажет.


Биыл Түркіменстанда мақта жинау науқаны жылдағыдан ерте басталды. Мары өңірінде тамыз айының ортасынан бастап тұрғындарды мақта теруге шығара бастаған. Бұдан бөлек алимент төлемеген ер азаматтарды да мәжбүрлі түрде мақта алқабына алып кетіп жатыр.


Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Түркіменстанды мақта теруде адам еңбегін қанайды деп сынап келеді.




 



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
WTA

Красноярская теннисистка Мирра Андреева выиграла турнир WTA 1000 в Дубае






«Единая Россия» дала старт Всероссийскому ...

Путин возложил венок к Могиле Неизвестного Солдата у Кремлёвской стены

Названа доля квартир в Казани стоимостью до 3 млн рублей

Урок мужества: в Актаныше школьники встретились с бойцом СВО и подписали письма героям